Қазіргі таңдағы және болашағымыздың рухани мәдениеті, ата бабаларымыздың адал жүрегімен мәпелеген дарынын естен шығармай құрметтей отырсақ, сонда ғана, мәдени рух арамызда әрқашан берік болатынына сенеміз. Осыған байланысты әр кітапханалар, мәдени ағарту, ақпараттық орталық болғандықтан, жас ұрпақты қазақ халқының тарихын сүюге және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ат салысады.
Сонымен, 21 қазанда «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту орталықтандырылған кітапхана бөлімі» ММ нің «Құрылысшы» құрылымдық бөлімінде №5 орта мектептің 5 «Е» қазақ тілі сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихи тұлғалар»атты экскурсия сабағы ұйымдастырылды. Іс шара мақсаты оқушыларды, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жарыққа шығарылған «Бабалар сөзі» бірегей кітап жинақтарымен таныстыру болды. Бұл кітап туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Барлық кітапханалар қорын «Бабалар сөзі» сериясы бойынша жарық көрген кітаптармен толықтыруға жағдай жасауымыз қажет. Бұл кітаптар барлық білім ордаларына, мұғалімдерге, мемлекеттік қызметкерлерге жетуі шарт», — деп атап айтып, оны таратуға байланысты нақты тапсырмалар берген еді.
Кітапхана қызметкерлері «Бабалар сөзі» ол жүз томдық алып, оның ішіне қазақ фольклорының бірегей түрлері енгенін айтты. Және эпостар, хикаялар, мәтелдер, ел аузындағы аңыздар, дақпрттар дәлірек, барлық қазақ халқының ауызша творчестволық жанрларының барлығы осы кітаптың ішінде деп айтуға болады. Шамамен жиырма томы хандар мен батырлар туралы әңгімелерге арналған. Балалар Қазақстан тарихына виртуалды-тарихи экскурсия жасап:келесі тарихи ірі тұлғалар Абылай хан, Төле би, Кабанбай батыр, Наурызбай, Қоркыт ата, Кенесарымен танысты. Сонымен қатар, кітапханашылар оқушыларды «Бабалар сөзі» кітабы сериясының № 29, 57, 85, 86 томдарымен таныстырды. Батырлар жайлы әңгімелер электрондық тұсаукесермен шығарып салынып отырды, өйткені орта жастағы мектеп оқушылары үшін көрнекті материалдарды көрумен ақпараттарды қабылдаудың маңызы өте зор.
Іс шара Қазақстан Республикасының Президентінің мәдени мұра жайлы: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы тутастану тарихы. Қазақ тек бірігу бірлесу жолында келе жатқан халық» сөздерімен тәмәмдалды.
Біз, кітапхана қызметкерлері, «Бабалар сөзі» кітап серияларымен оқушыларды таныстыра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақ қазақ халқының мәдени мұралармыен толық таныс болатынына кәміл сенеміз.
Кітапхана қызметкерлері «Бабалар сөзі» ол жүз томдық алып, оның ішіне қазақ фольклорының бірегей түрлері енгенін айтты. Және эпостар, хикаялар, мәтелдер, ел аузындағы аңыздар, дақпрттар дәлірек, барлық қазақ халқының ауызша творчестволық жанрларының барлығы осы кітаптың ішінде деп айтуға болады. Шамамен жиырма томы хандар мен батырлар туралы әңгімелерге арналған. Балалар Қазақстан тарихына виртуалды-тарихи экскурсия жасап:келесі тарихи ірі тұлғалар Абылай хан, Төле би, Кабанбай батыр, Наурызбай, Қоркыт ата, Кенесарымен танысты. Сонымен қатар, кітапханашылар оқушыларды «Бабалар сөзі» кітабы сериясының № 29, 57, 85, 86 томдарымен таныстырды. Батырлар жайлы әңгімелер электрондық тұсаукесермен шығарып салынып отырды, өйткені орта жастағы мектеп оқушылары үшін көрнекті материалдарды көрумен ақпараттарды қабылдаудың маңызы өте зор.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Балалар назарына кең көлемде безендірілген «Бабалардың алтын сөздері» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде «Бабалар сөзі» кітап серияларынан басқа, кітапхана қорындағы батырлар жайлы «Аңыз адам» жорналы болды.Іс шара Қазақстан Республикасының Президентінің мәдени мұра жайлы: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы тутастану тарихы. Қазақ тек бірігу бірлесу жолында келе жатқан халық» сөздерімен тәмәмдалды.
Біз, кітапхана қызметкерлері, «Бабалар сөзі» кітап серияларымен оқушыларды таныстыра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақ қазақ халқының мәдени мұралармыен толық таныс болатынына кәміл сенеміз.