четверг, 10 декабря 2015 г.

Биылғы жыл мерейлі мерекелерге толы: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл, Жеңістің 70 жылдығы, 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясына 20 жыл толды.  Алда таяп келген Тәуелсіздік күніне орай қалалық кітапханада «Строительный»ҚБ патриоттық сағат «Айнал, айналайын, Жерім менің!» өтті. Іс-шараға № 5 Қазақстан Республиқасының әнүраны орындалды. Қазақ елі тәуелсіздікке әкелген жолы туралы мағлумат берілді. Жонғар-қалмақтардың шапқыншылығынан бастап, ашаршылық кезені, Ұлы Отан соғысының кезені, желтоқсан оқиғасы туралы видеороликтер көретілді. Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 


Іс-шара «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды.