Бір ел – бір кітап. Одна страна - одна книга
«Қазақ
әдебиетінің жұлдызы. Звезда казахской литературы»
ҚБ «Строительный
»кітапханасында 15 қазан күні
«Бір ел – бір кітап. Одна
страна - одна книга» атты іс –шара 10 «Е» сынып оқушыларына өтті. Биыл 2016жылы
акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша барша оқырман қауым бірлесіп
оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» атты кітап
ұсынылды.Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің
ірі өкілдерінің бірі. Ол осы кезеңдегі қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан
байытып, көркемдік талап тұрғысынан жаңа биікке көтерді. Ауыздан-ауызға,
атадан-балаға тарап келе жатқан аңыз әңгімелерді ақын қайта тірілтіп, оларға
жан бітіріп оқырманға ұсынды. Ақын шығармаларының негізгі өзегі – ел бірлігі
мен жер тұтастығы. Сол тұстағы өмір шындығын уытты да өткір тілмен шеней білген
ақын шығармаларының қазақ әдебиетінен алар орны ерекше екендігін оқушыларға
баяндап берілді. Оқушылыр өзіне керекті ақпарат алып, ризашылығын білдірді.