«Желтоқсанның ызғары – ай ...» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шарамыздың мақсаты Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұтуға, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету; оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру.
Біздің қонақтарымыз:
Ұлттық Қорғаныс Комитетінің ардагері, заңгер, публицист Ғалихан Нұржанұлы Мәулетов.
Филология ғылымдарының кандидаты Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы.
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Мешіт Ғазиз.
№ 5 орта мектебінің 8 «К» сынып оқушылары мен, 8 «Е» кадет сынып оқушылары.
Мейрам мен тойдың төресі Тәуелсіздік күніне орай қалалық кітапхананың «Строительный» құрылымдық бөлімшесінде желтоқсан көтерілісінің куәгері ретінде қонақтар шақырылды,

Желтоқсандықтарға, сол күндегі сұрапыл естеліктерге құрмет ретінде кітапхана қызметкері мен мектеп оқушыларының дайындаған сахналық көрінісі жадымыздағы сөнбейтін ыстық шоқты тағы да бір тұтатты.
Жастар өздерін толғандырған сауалға жауап алып, тағылымды әңгіме тыңдады.
Қонақтарға қатысты ақпарат беретін арнайы әзірленген буклеттер іс-шараның соңындакөрермендерге үлестірілді.
.jpg)
Ерекше сыр-сұхбатқа толы жиынға қатысқан оқушылар талай тың деректерге қанықты.
Кітапхана қызметкерінің ұйымдастырған игі ісіне жиналған қауым ризашылық білдіріп, алғыс айтты.