Қазақ әдебиетіндегі «Қыздарын анасындай құрметтеген қазақ халқы» тақырыбында өткен әдеби кештің қонағы Марал Ишан атындағы мешіттің оқытушысы Ұлжан Әуелбекқызы мен № 5 орта мектебінің 8 «К» сынып оқушылары.
Іс-шара Мұқағали Мақатаевтың «Әйелдер-ай өлеңінің оқылуынан бастау алып, қонаққа сөз беріле отырып біз сусындап өскен әдеби қазынамызға үңіліп, Бейімбет Майлиннің «Күлпашы», Міржақып Дулатовтың «Жамалы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар» бейнелері алынып талданды. Сонымен қатар «Қазақ қызы қандай?» деген сұраққа түсірілім алған бейнероликте шаһарымыздың тұрғындары қазіргі қазақ қыздарының жүріс – тұрысы, өз бойын күтуі жайында сұқбат бере отырып қонағымызға да қойған сұрақтары бар еді.
Ұлжан Әуелбекқызы «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесіне» арналған жұма уағызының тақырыбына да тоқтала кетіп, қыз баланың ислам дініндегі орны, сыртқы келбеті жайлы да айта отырды.
Қонағымыз сұрақтарға жауап бере отырып, керекті деректермен бөлісті. Іс-шараға ат салысып отырған оқушыларда өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала отырып, молынан мәліметтерге қанықты.
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні экран арқылы, Ақбота Керімбекованың орындауында қонақтардың көңілін бір көтеріп тастады.
Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында көп бейнеленген әйелдер, қыздар бейнелеріне тоқтала отырып, сахналық көрініс пен толыға түсті. Ұлжан Әуелбекқызы мешіттің оқытушысы ретінде, қонақ ретінде қыздарымызға, сіңілдерімізге тілегімен, түйінді сөзімен қорытындылай түсті. Іс-шара фото суреттерден дайындалған Бағлан Әбдірайымовтің «Қыз деген ана» атты бейне клипімен тәмәмдалды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий