вторник, 23 сентября 2014 г.





  15 қыркүйек күні 2014 жылы Нұржан Наушабайұлының 155 жылдық мерейтойына орай іс-шара өткізілді. Іс-шара Нұржан Наушабаев  атындағы Затобол орта мектебімен онлайн-конференция түрінде өтті. Іс-шараға Нұржан Наушабайұлының  араб әрпінде қағазға түсірілген өлеңдерін қазақшаға аударған, Марал Ишан атындағы мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы, Нұржан Наушабаев  атындағы Затобол орта мектебінің өкілдері Жанбота Едресқызы, кадет сыныптарының меңгерушісі Баққали Бисенғалиұлы қатынасты. Сонымен қатар облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, Нұржан Нашабаев атындағы Затобол орта мектебінің гимнінің авторы Нұрболат Мешітбаев те қатынасты. Байланысқа Нұржан Нашабаев атындағы Затобол орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары қатынасты. Біздің кітапханамыздың көрермендері № 5 мектептің 8,9 кадет сыныптары және оның жетекшіері Зәуре Серіққызы, Айнаш Көжібайқызы қатысты. Іс-шарамызда  қонақтарымыз  ақынның өлеңіне терең  талдау жасап, оқушыларымызға молынан ақпарат берді. Іс-шара оқушылардың танымдық ой өрісін дамыту мақсатында сұрақ -жауап түрінде өтті. Іс-шара оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өтті.






Комментариев нет:

Отправить комментарий