суббота, 28 февраля 2015 г.


Қазақтың музыка өнерінде Шәмші Қалдаяқовтың орны ерекше. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той - думан да өтпейді.  Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кетті. Біздін кітапханада Шәмші Қалдаяқовқа арналған әдебі-музықалық кеші өтті. Кітапханашы композитордың өмірбаяның айтып берді, окушылар әндерін тындады. Шаһар телестудия түсірген «Өмір дастан» фильмді тамашалады.


Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжімеденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазған. Шәмші ағамыз өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты.
«Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды.
Іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен аяқталды.  Әдебі-музықалық кешіміз қызықты өтті. Оқушылар көп пайдалы мәліметтер алды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий