понедельник, 22 февраля 2016 г.

22  ақпан күні «Строительный» ҚБ кітапханада  «Домбырада қонақтамыз» музықалық ликбез өтті.
"Қос ішектің бірін катты,бірін сәл-пәл кем бүра,
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра! -  іс-шара осы   сөзбен басталды.   Кітапханашы домбыраның шығуы туралы аңыздармен таныстырды. Балалар  «Ақсақ құлан» мультфильмді  тамашалыды. 


№ 1 қалалық музықа мектептін оқушылары қатысты.  Мұғалім Токмагамбетова Алмагуль Муратовна  домбыра аспабының құрылысын  айтып  берді.  Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек туралы бөлек тоқталып кетті. Облыстық және  қалалық конкурстардын лауреаттары: Алдабергенов Альрами, Бакиров Нияз, Мендыгалиев Тамирлан домбырамен күй тартып өнерлерің көрсетті.














 Іс-шараның мақсаты қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы, күй туралы түсінік беру, домбыраның кұрылысы, шығуы туралы аңыздармен таныстыру. Музықалық ликбез қызықты және көнілді өтті.





Комментариев нет:

Отправить комментарий